Hi-Tech

Тоқпен жүретін қоларба пайда болды

Bosch ұсынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көшелерде электрлі автомобильдер, скутерлер және самокаттардың жүргенін көрген боларсыздар. Бұл бір орында қалмай, тағы да дамудың уақыты келгенін сездірген секілді. Bosch ата-аналар үшін балаларға арналған коляска ұсынады. Ол бұрынғы коляскалардан ерекше, ата-аналарға бұл құрал өте ыңғайлы.

Қазіргі коляскалар 10 жыл бұрынғыларға қарағанда жеңіл. Бірақ түрлі аксессуарлар салғаннан кейін салмағы ауырлап кетеді. Bosch ата-аналарға көмектесуді мақсаты еткендей. 2020 жылы алғаш рет осы электрлік коляска сатылымға шығады деп жоспарлануда. Бұл құрылғыда 2 қозғалтқыш орналасқан. Оның әрқайсысы 14,5 км жүре алады.

Бұл шешім көп мәселелерді жеңілдетеді. Біріншіден, двигательдер колясканың тауға еркін шығуына көмектеседі, сонымен қатар таудан түскен кезде де қауіпсіз болып табылады. Екіншіден, оқыс оқиғалар орын алғанда электрлік жүйе көмектеседі. Мысалы, адам қолынан колясканы басқару жүйесі шығып кеткенде, двигатель автоматты түрде тоқтайды. Смартфондағы приложение арқылы коляскаға сигнализация орнатуға және аккумулятордың қуатын тексеруге болады. USB туралы да ұмытпауымыз керек. Ол арқылы ата-аналар гаджетті қуаттандыра алады.

Өкінішке орай, құрылғының бағасы әлі белгісіз. Bosch бұл колясканы жеке сатылымға шығаруды ойламайды. Дәл қазір осы колясканы шведтық Emmaljunga компаниясы Bosch-тың рұқсатымен шығаруды жоспарлауда.