Саясат

Мектеп директорларының жалақысы көтеріледі: Аймағамбетов мәлімдеме жасады

Мектеп директорларының жалақысы кейбір мұғалімдерден де төмен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларының жалақысы көтерілетінін мәлім етті.

«Қазір мектеп директорларының жалақысы кейбір мұғалімдерден де төмен. Өйткені, педагогтар өз санаттарын көтеру арқылы үстемеақылар алады. Сондықтан, көптеген директорлық вакансиялар бос тұр. Бір мектепте 200 бала оқыса, кей мектепте 1200 бала білім алады. Өз жұмысын тиімді атқаратын директорлар бар және керісінше. Сондықтан, мектеп директорларына, меңгерушілерге, әдіскерлерге қолдау көрсету қажет. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені үстемеақы жолымен шешуді қарастырып жатыр», - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жалақыны көтеру көлемі дифференциалды және еңбек өтілі мен санатқа тікелей байланысты болады. Бірінші санат үшін еңбекақыны 100% дейін көтеру жоспарланып отыр.

inform.kz