Саясат
Трампқа жауап
Сирядан әскерін шығарғаны үшін Дональд Трампқа жергілікті халық осылай наразылық көрсеткен көрінеді.
21 қазанда АҚШ-тың қорғаныс министрі Марк Эспер Құрама Штаттар «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) жауынгерлерінің келуіне жол бермеу үшін Сирияның солтүстік-шығысында арнайы жасақты қалдыратынын мәлімдеген еді. Ол АҚШ әскерлерінің Сириядан толық шығарылуы туралы түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын атап өтті.
9 қазанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде күрд жасақтарына қарсы «Бейбітшілік көзі» операциясының басталғанын жариялады.
13 қазанда АҚШ екі шабуылдаушы тараптың арасында кедергі болмауы үшін мыңға жуық сарбазын Сириядан алып кететінін мәлімдеді.
17 қазанда Ердоған АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео арасындағы келіссөздер барысында Түркия күрд әскерлері 30 шақырымдық «қауіпсіз аймақты» тастап кетуі үшін операцияны 120 сағатқа тоқтатуға уәде берді.
Күрд әскерлері түрік әскерінің Сирия шекарасынан 30 шақырымға дейін кесіп өтуіне рұқсат алғанына наразылық білдірді. Дегенмен кейін «Демократиялық Сирия күштері» күрд коалициясы АҚШ пен Түркия ұсынған атысты және «қантөгісті тоқтатуға» келісті.
18 қазанда Ердоған АҚШ-пен күрд құрамын шығару туралы қол жеткізілген уағдаластықтар орындалмаса, Түркия Сирияның солтүстік-шығысында әскери операцияны жалғастыратынын мәлімдеді.