Саясат

Трамп: АҚШ, Ресей және Қытай ядролық келісімге келулері қажет

Бұған Ресей келіспеген еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында ядролық қаруды дамытуды қысқарту туралы үшжақты келісімге – АҚШ, Ресей және Қытай арасында қол қойылуы керек деді. 

Сонымен бірге ол АҚШ-тың аралық және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен (INF туралы келісім) Ресейдің келісім талаптарын бұзуы себеп болғанын тағы бір еске салды: 

- Біздің ядролық қару-жарағымыздың жағдайы жақсы. Қазір одан да мықтысын дайындап жатырмыз.

- Біз Ресеймен және Қытаймен тіл табысып, жаңа келісім жасай алатынымызға сенімдімін, өйткені біз бұл сұмдықты тоқтатуымыз керек, - деді америкалық көшбасшы.

Ол сондай-ақ, қазіргі уақытта ядролық қару-жарақ деңгейі бойынша АҚШ-тың бірінші орында, Ресейдің - екінші, ал Қытайдың - үшінші орында келе жатқандығын атап өтті.

- Мұндай жарыс өте қымбат және өте қауіпті, - деп атап өтті Трамп. - Соғыс қаруы қажет те емес бізге. 

Сонымен бірге, Ресей мен Қытай мұндай келісім жасауға мүдделі екендіктерін білдірді.

Өз кезегінде Трамп бұл келісімді «керемет» деп атады және «оның бір бөлігі болғысы келетіндігін» айтты. Бұған дейін Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу "АҚШ-тың INF шартынан шығуына байланысты нақты себебі - Американың мақсаттарына сәйкес келмеуі және Ресей Федерациясы мен Қытайды шектеу ниеті" деп мәлімдеген болатын.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61