Саясат
АҚШ-Түркия қарулы қақтығысқа баруы мүмкін бе?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ президенті Дональд Трамп қажет болған жағдайда Түркияға қарсы әскери күш қолдануға дайын және Вашингтон мұндай жағдайдың алдын алу үшін өзінің дипломатиялық өкілеттіктерін пайдалануды жөн көреді, деп мәлімдеді Мемлекеттік хатшы Майк Помпео.
Бұл туралы 21 қазанкүні RT.COM ақпараттық агенттігі хабарлады.
Помпео CNBC телеарнасына дүйсенбі күні түстен кейін берген сұхбатында: «Біз соғыс емес, бейбітшілікті қалаймыз», - деді.
- Бірақ әскери әрекет қажет болған жағдайда, президент Трамптың бұл әрекетті қабылдауға толық дайын екенін білуіңіз керек.
Ол Түркияның қандай әрекеті АҚШ күш қолдануына апаруы мүмкін екендігін ашып айтпады. Ал Трамп бұған дейін Анкара билігіне шектен шықпауға, тек лаңкестермен ғана соғыс жүргізуге нұсқау берген еді.
- Лаңкестермен күресу оңай емес. Оны түсіну үшін Түркия да соғысып көрсін, - деген еді Трамп өткен аптада.
Түркия мен АҚШ өткен аптада Анкара қауіпсіз аймаққа айналғысы келетін аймақты тазартуға мүмкіндік беретін бес күндік атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын. Екі жақ та бір-бірін уақытша бітімге келді деп айыптағанына қарамастан, Трамп дүйсенбі күні журналистерге «атысты тоқтату ережелерін сақтап отырмыз» деп мақтанды.
Қазір АҚШ Сириядан әскерлерінің біраз бөлігін алып кеткен. Тек Сириядағы мұнай кеніштерін күзету үшін арнайы жасақты ғана қалдырып, қалған әскерін Иракқа қарай жылжытқан болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61