Саясат
Гонконгтегі наразылық басылар емес
Осыдан бірнеше ай бұрын Гонконгте болып жатқан наразылықтардың кесірінен орталық мешітті су алып кеткен еді. Сол үшін Гонконг билігі мұсылмандардан кешірім сұрап отыр.
Өйткені мешітке су тәртіп сақшылары көшеге шыққандарды сумен атқылап қуған кезде кіріп кеткен болатын. Ал бұл оқиға мұсылман әлемінің басшыларын ашуына тиді. Олар Шығыс Түркістандағыдай дінмен күрес басталудан сескенді. Алайда Гонконг билігі мешіттің су басуы күтпеген сәтте орын алғанын айтып, кешірім сұрады.
Міне, бірнеше ай бойы наразылық акциялары жалғасып жатқан Гонконгте діни және ұлттық қысым артуы мүмкін деген қауіп бар.