Экономика

Қазақстанда көлемі аз көліктердің салығы азайтылуы мүмкін

Өтемақы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда көлемі аз көліктерге салық салынбауы мүмкін. Мұны ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып отыр.

Үкімет отырысы кезінде Қанат Бозымбаев бензинге салынатын акциздің бағасы биыл көтерілмейтінін атап өтті.

- Егер акцизді (тауар шығарылғанда салынатын салық - ред.) көтеретін болсақ, онда көлемі аз көліктерге салынатын салықты да алып тастау керек болады. Бұл – біздің ұсыныс. Яғни, келесі жылдан бастап акцизді қымбаттататын болсақ, онда көлемі 3 литрге дейінгі көліктерге салынатын салықты алып тастаймыз. Бұл қымбаттаған акциздің орнын жабады әрі әлеуметтік жағы төмен азаматтарға көмек болмақ, - деді министр.

Ал бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстандағы бензин бағасына тағы да 10 теңге қосу керек деген болатын.

Tengrinews.kz