Саясат

Қазақстанның 14 азаматының соты басталды

Олар ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты ашық сот тыңдауы басталды.

Тергеудің мәліметінше, айыпталушылар бұрын ДАИШ* содыры болған. Олар "Жусан" арнайы операциясы аясында Қазақстанға оралды.  

Он төрт қазақстандыққа террорлық әрекетке қатысты, терроризмге тартты және насихаттады, сондай-ақ басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылды.

Олардың бірі ауруханада, ол процеске видеоконференция арқылы қосылады.

Жалпы ҰҚК мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестерімен бірге Сириядан 595 қазақстандықты қайтарды, олардың 400-ден астамы балалар.

Қазақстанға оралған он ер адам мен бес әйел түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олар террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.

"Жусан" операциясы

"Жусан" –  қазақстандықтарды Сириядағы ұрыс алаңдарынан қайтару мақсатында 2019 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өткізілген арнайы операция.

Соңғы рет операция 28-31 мамыр аралығында өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отанына оралған балалар арнайы орталыққа орналастырылғанын мәлімдеді, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

* ДАИШ – Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым

sputniknews.kz