Саясат

Ресей тікұшақтары АҚШ әуе базасына қонды

Сирия мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей әуе-ғарыш күштерінің тікұшақтары бұрын Американың әскери база болған Табка әуе айлағына қонды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Әуе айлақты Сирия үкімет әскері мен оның одақтастары күзетеді. Бұл міндетті өзіне алған бөлімше командирінің айтуынша, 2014 жылы аэродромды "Ислам мемлекетінің" (Қазақстанда тыйым салынған) жауынгерлері басып алды, ал 2017 жылы ол оппозициялық "Сирияның демократиялық күштерінің" (ДС) бақылауына өтті, содан кейін онда АҚШ базасы құрылды.

- Бұл қазір біздің аэродромымыз, енді біз одан кетпейміз, - деген сириялық офицердің сөздерін ақпараттық агенттік жеткізеді.