- Жыл сайын қан алдыр (хижама). Ешбір ауру сырқатың болмаса да.
- Әрдайым су іш. Тіпті сусап шөлдемесеңде. Өйткені денсаулықтағы ақаулардың көбі су жетіспеуден пайда болады.
- Үнемі шынық. Оған қарбалас жанталасың бөгет болмасын. Денең қозғалыс талап етеді. Жаяу жүру суға жүзу сынды.
- Тамақты азайт. Жеу құмарлығыңды таста. Артық тамақтан пайда жоқ. Әрине мүлде жеме деген сөз емес.
- Шамаң келгенше көлігіңді аз қолданып, жаяу баруды қолға ал.
- Өкпе мен реніш, кек пен ыза, өзіңді бос қинаудан алыс тұр. Бұлардың барлығы денсаулығыңды сүліктей сорып жүйкеңді тоздырады.
- Тапқан-таянғаныңды өзің үшін емес басқалар үшін жұмса.
- Өзіңнің уайымыңды ұмытып, өзгенікін тыңдап үйрен. Ал өткен қайғыны түбінен қопарып таста.
- Кең бол. Кең болсаң кем болмайсың деген ақиқат. Билік пен байлық тәкаппарлыққа жетелейді. Ол кезде үнемі қарапайымдылықты ұстан.
- Шашың ағара бастаса оны жақсы қырынан қарап қуан. Көңілді бол.
- Намазыңды әсте қаза етпе. «Намаздың қазасынан бойдың тазасы артық» деген мақал әйелдерге тиесілі. Өйткені намаз сенің, байлығың, бала-шағаң және де басқа нәрселер пайда бере алмайтын күнде сен үшін құтылу анықтамаң болады. Раббыңмен жеке қалып сырласуды жиілет. Құраннан алыс қалма. Өткендерді ұмытпай зиярат етіп отыруды артқа қалдырма.
Аударған: Берікбай Германұлы
Дереккөз: mazhab.kz