Саясат

Цукерберг: Ресей, Иран және Қытай АҚШ-тың президенттік сайлауына араласуға тырысуда

АҚШ-тағы 2020 жылғы президенттік сайлау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг NBC-ке берген сұхбатында «Ресей, Иран және Қытай 2020 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына араласуға тырысып жатқандығын» айтты.

- Біз Ресей, Иран және Қытайдың сайлауға араласу үшін барған сайын күрделі тактикаларды қолданып жатқандықтарын көріп отырмыз. <...> [Біз анықтаған аккаунттар желісі] бұл мемлекеттердің алдағы сайлауда белсенді болуға дайын екендіктерін білдіреді, - деді Цукерберг.

21 қазанда Facebook Иран мен Ресейдің жалған аккаунттарының бұғатталғандығын жариялаған болатын. Орыс «текті» аккаунттар желісіне инстаграмдағы 50, фейсбуктегі 1 жалған парақшалар енгізілді. Онда консерватизм мен либерализм, қоршаған орта, АҚШ-тағы 2020 жылғы президенттік сайлау, нәсілшілдік және ЛГБТ мәселелері туралы хабарламалар орналастырылған екен.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61