Спорт

Бокста бар белбеулер мен атақтарды тегіс жеңіп аламын!

Садриддин Ахмедов жайлы бірер сөз

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бокс қазақтың оң жамбасына келетін спорт түрі екені баршаңызға мәлім. Тіпті 69 кг салмақ дәрежесін «қазақтың салмағы» деп атап кеткелі де біраз уақыт өтті. Кезінде Бекзат Саттарханов 20 жасында Олимпиада чемпионы болғалы еліміз бұл спорт нағыз жастардың спорты деп баға бере бастады. Мағжан Жұмабаев сенген жастар жарап тұр қазір де. 20 жасар Садриддин Ахмедов Элиуд Мелендес Рочумен арасындағы кездесуде айды аспанға бір-ақ шығарды. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек 82 секундта өз жеңімпазын анықтап қойған еді. Садриддин Ахмедов шырайлы Шымкентте дүниеге келген. 8 жасында отбасымен Астанаға қоныс ауларғаннан бастап былғары қолғапты жан серігі еткен. Мектеп жасынан өзінің икемділімеен еңбекқорлығының арқасында талай дүбірлі додаларда оп жарып үлгерген. 2011, 2014, 2015, 2016 жылдары Қазақстан чемпионы атанған. 17 жасында 69 кг салмақ дәрежесінде Санк-Петербургте әлем чемпионы деген атақты жеңіп алды. Тайланта, Банконг Патшасыныңжүлдесі үшін өткен жарыста аламаннан озып шыққан. Керек десеңіз, сол жарыстың финалында қарсыласы ала шапанды ағайын Шахрам Гиясов рингке шығудан бас тартқан. 20 жасында өзінің жұдырықтасу мәнері кәсіпқой боксқа келіп тұрғандықтан жас өрен ауысуға бел байлап, жең түре жұмыс жасап бастады. Алғашында таң қалуыңызда мүмкін бұл шешімге,бірақ, Генаның бітіспес қарсыласы атанған Сауль Альварес керек десеңіз 14 жасында кәсіпқой атанып үлгерген. Американдықтар жер-жерді аралап, мықты боксшылар жинауды жүйеге келтіргелі қай заман?! «The Heavyweight Factory» промоутрлік компаниясымен келісім шартқа қол қойғаны туралы да айта кеткен дұрыс болар. Бұл дегеніңіз, елдің елеулі боксшысы Иван Дычкомен бір залда жаттығады деген сөз. Жат жерже жатырқамайтынына ішіміз жылып қалды. Осы жылдың басында толығымен кәсіпқой боксқа ауысқан Садриддин 6 бірдей кездесу өткізіп, оның 6-ауын жеңіспен аяқтаған. 8 раундтан тұратын алғашқы жекпе-жегі жақында, төрткүл дүниенің алдында абыройымызды тағы бір аспандатып жіберді. Кездесу жайлы толығырақ. 29 жасар Элиуд Рочуме н(14-10-2, 7 КО) өткізілетін жекпе-жек Садриддинің томағасы сыпырылатын, сегіз раундтан тұратын алғашқы жекпе-жегі еді. Бастала салысымен екі бірдей нокдаун алған қарсыласты төмпештей жөнелгенде төреші араша болып, айырып қалды. Сол кездесуді жүргізген канадалық комментаторлар біздің өреніміз туралы жақсы пікірде екендерін көрсетті. Мерейіміз бір тасып қалғаны сөзсіз еді. «Солдат» атты лақап атпен ел арасында таңылып жүрген Садриддин алдына «бокстың бар белбеуі мен атақтарын кілең жеңіп аламын!» деп құлшынып отыр. Мақсаты айқын жігіттің спорттық мансабы жеңістер мен қуанышты сәттеге толы болсын дей келе, еліміздің абыройын асқақтара арландар көбейе берсін дегіміз келеді.

Бексултанов Данияр Бейбітқалиұлы