Weekend
Қызық эксперимент
Батыстың танымал университеттерінің бірінде оқытушы студенттерге қызық тапсырма береді.
- Ереже өте қарапайым. Өздеріңізді жай ғана мемлекеттің тұрғынымыз деп елестетіп көріңіздер. Бай болу мен "жағдайыңды көтеруге" бірдей мүмкіндік берілген. Ол үшін жай ғана орындарыңыздан тұрмай, орындарыңызда отырып, қағаз умаждап, оны мына қоқыс шелегіне лақтыруларыңыз керек, - деп түсіндіреді оқытушы.
Артқы партада отырғандар «бұл әділдік емес қой» деп қарсылықтарын білдірді. Яғни, алдыңғы партада отырғандардың лақтырған қағазы артта отырғандарға қарағанда дәл түсетіні түсінікті. Аудиторияда отырғанда жамырап қағаз лақтыра бастағанда бәрі белгілі болды. Алдында отырғандардың көбі дәл түсірді. Түсіре алмағандары да болды.
Ал артта отырғандардың көбі қағаздарын дәл түсіре алмай әуре болды. Бірақ түсіргіндері де бар.
- Себетке жақын отарғандар, Сіздер, жеңіске жетуге көбірек мүмкіндік алдыңыздар. Алайда байқадыңыздар ма, әділетсіздік туралы артқы партада отырғандар ғана айтты, - деді мұғалім.
Бір жағынан қарағанда, алдыңғы қатардағы жастардың көбісі өздерінің артықшылықтарын түсінбеді де. Өйткені мақсаты анық әрі жақын еді.
- Білім алушы студент ретіндегі сендердің мақсаттарың «білім» саласындағы өздеріңнің артықшылықтарыңды түсініп, оны дұрыс әрі жеткілікті пайдалану. Сонымен қатар білімді мақсаттарыңа жету жолындағы нәтиже деп санап, өздеріңіздің арттарыңыздағыларды да ұмытпау, - деп ұстаз ойын қорытындылады.