Саясат

Ыдырысов жаңа қызметке келді

Бұған дейін ол ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратына жаңа басшы келді.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және СҚО әкімінің өкіміммен Олжас Нұрланұлы Ыдырысов Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Олжас Ыдырысов 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде және Іс Басқармасы жүйесінде жұмыс істеді. Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.