Саясат

Помпео: АҚШ Түркияға қарсы әскери қимыл жасауға дайын

Соғыспақ ниетте ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп қажет болған жағдайда Түркияға қарсы әскери іс-қимыл жасауға дайын, бірақ Вашингтон "соғысқа қарағанда бейбітшілікті жөн көреді". Бұл туралы CNBC-ке берген сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео хабарлады.

Помпео сұхбат барысында егер Түркия шектен шығатын болса, онда АҚШ әскери күшін пайдалануға дайын екендігін атап өтті. 

9 қазанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде күрд жасақтарына қарсы «Бейбітшілік көзі» операциясының басталғанын жариялады.

13 қазанда Марк Эспер Құрама Штаттар Сириядан 1000-ға жуық әскерді екі шабуылдаушы тараптың арасында болмас үшін шығарып тастайтынын мәлімдеді.

17 қазанда Ердоған, АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео арасындағы келіссөздер барысында Түркия күрд әскерлері 30 шақырымдық «қауіпсіз аймақты» тастап кетуі үшін операцияны 120 сағатқа тоқтатуға уәде берді.

Күрд құралымдары Түркияның Сирияға 30 км тереңдікке бара алатын келісім шарттарын сынға алды. Кейіннен «Демократиялық Сирия күштері» күрд коалициясы АҚШ пен Түркия ұсынған атысты тоқтатуға және «қантөгісті тоқтатуға» келісті.

18 қазанда Ердоған АҚШ-пен күрд құрамын шығару туралы қол жеткізілген уағдаластықтар орындалмаса, Түркия Сирияның солтүстік-шығысында әскери операцияны жалғастырады деп мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61