Саясат
АҚШ әскері Сирияда қанша уақыт қалады?
АҚШ әскері Сирияда он жыл болды және «Ислам мемлекеті» террористік ұйымымен (Қазақстанда тыйым салынған) соғысты. Мұндай мәлімдемені 21 қазан күні АҚШ президенті Дональд Трамп жасады.
- Олар Сирияда 10 жыл болды. Он жыл. Олар елге кіріп, лаңкестерге тез соққы беріп, кетеді деп болжап отырмыз, - деді Трамп журналистерге.
Америка басшысының сөзіне қарағанда, АҚШ әскерлері Сирияда 30 күннен аспайды деген болжам бар.
«ИМ» террористік тобы (Қазақстанда тыйым салынған) 2013 жылы белсенді әрекет ете бастады. 2014 жылдан бастап Америка Құрама Штаттары және оның одақтастары Сирия мен Иракта террористік топқа қарсы операция жүргізді.
15 қазанда Трамп АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері Сирияның солтүстік-шығысында кетіп жатқанын растады.
21 қазанда АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер АҚШ әскери күштерінің бір бөлігі ИМ содырларының келуіне жол бермеу үшін Сирияның солтүстік-шығысындағы мұнай кен орындарының маңындағы ауылдарды күзететін болады деп мәлімдеді.