Саясат
Сирия президентінің мәлімдемесі
Түрік көшбасшысы Реджеп Тайып Ердоған - ұры. Бұл туралы Сирия президенті Башар Асад әл-Хабит ауылындағы (Идлиб провинциясы) әскерилермен кездесу кезінде мәлімдеді. Оның сөздері SANA агенттігі жеткізді.
Оның айтуынша, Сирия үшін оның барлық жер аумағы маңызды, бірақ қазір әскери жағдайға баса назар аударылады.- Ердоған - ұры. Ол (бізден) зауыттарды, бидай мен мұнайды ұрлап, енді жерімізді ұрлағалы жатыр, - деді мемлекет басшысы.
Сирия президенті "Идлиб үшін шайқас - бүкіл елдегі хаос пен терроризмді тоқтатудың негізі екенін" тағы да атап өтті.