Саясат

Ердоған: Түркияға өзгенің жері керек емес

Сирия бүтін мемлекет болып қалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинмен болған келіссөздердің қорытындысы бойынша, оның еліне бөтен елдің жері қажет еместігі туралы мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Түрік басшысы Путинге Сириядағы "Бейбітшілік көзі" түрік операциясы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ердоған 23 қазаннан бастап, осы елдегі барлық күрд күштері түрік шекарасынан 30 шақырымдық аймақтан тыс жерде болады деп күтеді.

Сонымен қатар, Ердоған "бізге біреулердің жері қажет емес" және Сирияның аумақтық тұтастығын сақтауды қолдайтынын айтты.