Саясат
Франция саясаткерінің мәлімдемесі
Францияның "Ұлттық бірлестік" партиясының көшбасшысы Марин Ле Пен Түркияны НАТО-дан шығарып тастауды ұсынды. Бұл мәлімдемені ол RCI арнасының эфирінде жасады.
Бұған дейін Түркияның Сириядағы әскери операциясына байланысты НАТО-ның Франция, Германия, Норвегия және Испания сынды елдері Анкараға қару-жарақ экспортын тоқтатқан болатын.
Саясаткер Еуропалық Одақты "ештеңе жасамайды және ештеңе ұсынбайды" деп сынға алды.
- Түркияның агрессиясына жауап ретінде елді НАТО-дан шығаруды қарастыру керек, өйткені Анкара альянста болу ережелерін "бұзды", - деді Ле Пен эфирде.