Саясат
Меморгандар құлақ асар емес
Қызылорда облысының 150 тұрғыны аштық жарияламақ. Шиелі ауданының сурдоаудармашылары мен мүгедектердің жеке көмекшілері осындай шараға баруға бекініп отыр. Олар осы жылдың мамыр айынан бастап жалақы алмаған көрінеді. Аудан әкімдігі оған 20 миллион теңгеден астам қарыз. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылған.
Сурдоаудармашы Азамат Шабденовтың жанұясының қара нан мен қара су ішіп отырғанына төрт ай болды. Жалға алған пәтерлерін де әрең төлеген. Екі ата-ана мен жігіттің жұбайы - саңырау. Осы күнге дейін дүкеннен азық-түлікті қарызға алып, соның арқасында күн кқрген. Қазір дүкен иесі қарызға беруден бас тартып отыр.
Жалға берген пәтердің иесі де Шабденовтің жанұясынан үйден шық деп жатыр. Жақында көшеде қалуы мүмкін.
- Үйге бір тиын да әкелмеймін, төрт жарым ай еңбекақысызбын. Қыс та тақады. Кіші қызым мектепке барады, ол жылы киім сатып алу керек. Пәтерден болса, қуып жатыр. Ал біз қайда барамыз? Ал әлі не істеуім керек, мен ата-анамды асырауға міндеттімін, - дейді сурдоаудармашы.
Шиелі ауданының мүгедектерінің жеке көмекшілері мен сурдоаудармашылары күн сайын аудан әкімшілігі алдындағы алаңға өз ақшаларын талап етуге келеді. Бірақ шенеуніктер оларды төлеуге асығар емес.
Жергілікті әкімшілікте жағдайды толық түсіндіре алмады. Адамдарға сотқа жүгінуге кеңес берді.
- Мен бөлім басшысы лауазымына маусым айында кіріскенмін. Барлық тендерлер маған дейін өтті. Мүмкін, бұл адамдардың талаптары орынды, – деді Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов.