Саясат

Ким Чен Ын Кимгансан тауындағы Сеул салған құрылыстарды бұзуға бұйрық берді

Кейпі кеткен құрылыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

КХДР басшысы Ким Чен Ын Кымгансан курорттық аймағындағы Оңтүстік Корея нысандарына демонтаж жасауға бұйрық берді.

Ким Чен Ын Кымгансан тауының туристік аймағындағы бір кездері оңтүстіккореялық туристерді белсенді қабылдаған бірқатар нысандарды аралап көріп, сол жерде салынған құрылыстарды сынға алды. Оларды құрылыс алаңындағы немесе апат аймағындағы «уақытша үйшік» деп атады.

Атап айтқанда, ол «Оңтүстік Корея салған нысандарға қарау жиіркенішті» деп, Сеулмен кеңескеннен кейін оларды демонтаждамақшы.

- Құрметті аға көшбасшы, біз оңтүстік жағындағы нысандарды толығымен құлатуымыз керек, олар тіпті сүйкімсіз көрінеді, оңтүстік жағындағы тиісті салалармен кеңесіп, біздің ойымызша, Кымгансан тауының әдемі табиғи ландшафтымен үйлесетін заманауи тұтынушылық қызметтерді қайта құру керек,- дейді CCAC агенттігі.

Ким Чен Ынның ойынша, Кымгансанның Оңтүстік және Солтүстік Кореяның мәдени мұрасы ғана емес, қос Кореяның бейбітшілігін білдіретін белгісі. Сондықтан екі елдің арасында бейбітшілік орнамаса, Кымгансан тауында да туризм болмайды. 

2002 жылдан бастап Кымгансан туристік аймағында Оңтүстік Кореядан келген туристерді белсенді қабылдауға мүмкіндік беретін арнайы режим енгізілген. Алайда, 2008 жылы оңтүстік кореялық турист қыз өлтірілгеннен кейін, Оңтүстік Корея бұл аймаққа туристік сапарларды ұйымдастыруды тоқтатқан болатын, кейін 2010 жылы Солтүстік Корея бұл ауданды оңтүстіктің көмегінсіз әрі қарай дамытатындығын мәлімдеді.