Саясат
25 қыркүйекте Трамптың импичменті басталған еді
АҚШ-тың Украинадағы Елшісінің міндетін атқарушы Уильям Тейлор АҚШ басшысы Дональд Трампқа қатысты импичмент рәсімдері аясында Конгрестің алдында жауап берді. Бұл туралы The Washington Post хабарлайды.
Тейлор АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байденнің ұлы Хантердің жұмыс істеген Burisma компаниясына қатысты тергеу – АҚШ басшысының украиндық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесуі үшін шарт болғанын мәлімдеді.
Америкалық елші Трамптың Украина президентінен тергеу туралы ашық мәлімдеме жасауын талап еткендігін айтты. Сонымен қатар, Зеленский CNN-ге сұхбат беріп, ол жерде қажетті сөздер айтылады деп жоспарланғанын да қосып өтті. Тейлор "егер де Зеленский олай істемесе, Трамптың "Киевке қаржылық көмек бөлуді тоқтатамыз" деп қорқытқанын да мәлімдеді.
Сондай-ақ, дипломаттың айтуынша, АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы арнайы өкілі Курт Уолкер АҚШ-тың Еуропалық Одақтағы елшісі Гордон Сондленд, Энергетика министрі Рик Перри және президенттің жеке заңгері Руди Джулиани "Украинадағы АҚШ саясатының бейресми арналарының бір бөлігі" болған.