Саясат

Путин Асадқа Түркиямен қандай келісім жасағанын айтты

Басты міндет – Сирияның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

РФ президенті Владимир Путин Түркия басшысы Тайып Ердоғанмен сөйлескен соң, Сирияның қазіргі президенті Баша Асадқа телефон шалды. Ердоғанмен қандай келісім жасағанын түсіндірді. 

Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Алғаш болып телефон шалған Путин Асадқа Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен алты сағаттық кездесудің нәтижелері туралы айтып, басты міндет – Сирияның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру және қақтығыстарды саяси тұрғыдан шешу екендігін атап өтті.

Асад Путинге алғысын білдіріп, Ресей мен Түркия басшыларының қабылдаған шешімдерін қолдайтындығын білдірді. Сондай-ақ, ол Сирия шекарашылары Ресей әскери полициясымен бірге Араб Республикасының шекараларын күзетуге кірісуге дайын екендігін қосты.

Бұған дейін Ердоған «өз еліне шетелдік аумақтың қажеті жоқ» екендігін хабарлаған болатын. Түркия Президенті 23 қазаннан бастап барлық күрд күштері Түркия шекарасынан 30 шақырымдық аймақтан тыс жерде болады деп күтеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61