Саясат

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне жаңа өзгеріс енгізіледі

Енді жүргізуші куәліктеріне саусақ іздері енгізіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыған орай, тиісті құжатқа үлкен жады бар жаңа үлгідегі чиптер орнатылмақшы.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаевтың айтуынша, жүргізуші куәлігінің жаңа түрі жеке куәлікке өте ұқсас келеді. Яғни, жаңа үлгідегі чип артқы бетіне жабыстырылады. Ал тіркеу туралы құжаттың түсі өзгеріске ұшырайтын көрінеді.

Бимометриялық мәліметтерді 2021 жылдан бастап жеке куәліктерге енгізу жоспарланғандықтан, осы кезеңде жүргізушінің құжаттары да жаңартылатын болады. Есте болса, бұған дейін куәлік мен техпаспорттың жаңа дизайнының сұлбалары пайда болған еді. Соған сай, жүргізуші куәлігінің түсі ашық күлгінге өзгеретіні айтылған болатын.