Hi-Tech

Starlink жобасы: Илон Маск спутниктен тараған ғаламтормен твит жазды

Илон Маск Starlink арқылы екі твит жазды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Илон Маск Twitter парақшасына екі твит жариялап мұны Starlink спутниктік желісі арқылы істегенін айтты.

Starlink - SpaceX компаниясының ғаламды интернетпен қамтамасыз ету мақсатындағы жобасы. 

- Бұл хабарламаны Starlink спутнигі арқылы жіберіп отырмын. Вау, жұмыс істейді,- деп жазды бизнесмен.

SpaceX компаниясы Starlink жобасымен 2014 жылдың аяғында жұмыс істей бастаған. Жобаның басты мақсаты орбиталық спутниктер көмегімен бүкіл жер шарын интернетпен қамтамасыз ету. 

Бұл мақсатты орындау үшін орбитаға өте көп спутниктер жеткізбек. Осы жылдың 24 мамырында SpaceX ғаламдық интернетке арналған 60 спутнигі бар зымыранды ұшыраған еді. 

Дегенмен олардың барлығы бірдей орбитаға шыққан жоқ. Жалпы олар 2024 жылға қарай салмағы 100-ден 500 килограмға дейін аралықта 12 мың аппарат жеткізуді жоспарлап отыр.