Спорт

6 рет нокаутпен жеңген 20 жастағы қазақ боксшысы WBC чемпиондық титулы үшін жұдырықтасады

Садриддин Ахмедовтың келесі кездесуінің күні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың келесі кездесуінің күні жарияланды.

Қазақстандықтың мүддесін қорғайтын Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы Facebook желісіндегі ресми парақшасында Ахмедовтың келесі жекпе-жегі туралы хабарлады.

Сонымен, оның алдағы кездесуі Монреальде (Канада) 26 қаңтарда өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласының аты әзірге белгісіз, бірақ Садриддиннің WBC "жас" чемпиондық титулы үшін жұдырықтасатыны мәлім.

Естеріңізге сала кетсек, Садриддин Ахмедов 2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен. 20 жастағы боксшы орташа салмақ категориясында рингке шығып жүр. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін сәуір айында өткізді.

Жалпы кәсіби рингте алты жекпе-жек өткізіп, алтауында да қарсыласын нокаутқа түсірген.

Дереккөз: sports.kz