Саясат
Еуропалық комиссия шарттары сәйкес келеді деп отыр
Еуропалық комиссия Хорватияны Шенген аймағына енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Euronews. Брюссельдің хабарлауынша, Хорватияның ұстанымы аймақтың ережелеріне сай келеді.
Атап айтқанда, Хорватия 2016 жылы қосылу туралы келіссөздер аясында қабылдаған Шенген ережелеріне қатысты міндеттемелерін орындауды жалғастыруда. Комиссия сонымен қатар Загребке өзінің барлық міндеттемелерін орындау бойынша жұмысты жалғастыру қажет деп есептеді, оның бірі блоктың сыртқы шекараларының қауіпсіздігін, әсіресе, көші-қон тақырыбына байланысты қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы тақырыпқа байланысты 2010 жылдан бастап қосылу туралы келіссөздер жүргізіп келе жатқан Румыния мен Болгария әлі де Шенген аймағына кіре алмай жүр.
Еуропалық Комиссияның Хорватияға қатысты ұсынысы енді ЕО Кеңесіне жіберіліп, елдің Шенген аймағына кіруі туралы шешімді қабылдануы керек.
Еркін қозғалуға мүмкіндік беретін Шенген аймағына қазіргі уақытта ЕО-ның 22 елі (Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Италия, Испания, Люксембург, Латвия, Литва, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Франция, Финляндия, Эстония, Чехия, Швеция, сондай-ақ ЕО-ға кірмейтін 4 қауымдастырылған ел (Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцария) кіреді.