Саясат

Чилиде наразылық: Президент халық талабын орындауға кірісті

Көлік иелері жолға салық төлемейтін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Чили үкіметі республикада өткен аптадан басталған наразылық пен көтерілісті реттеу үшін парламентке әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыруды бұйырды. Бұл туралы сейсенбіде Чили президенті Себастьян Пиньера мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

- Біз заңға сәйкес осы әлеуметтік күн тәртібін Конгресстің қарауына енгіземіз және үкімет мұндай мүмкіндікке ие болған кезде оны жүзеге асыруды бастаймыз, - деді ол Twitter-де таратылған үндеуінде.

Президенттің айтуынша, шаралар кешеніне «зейнетақыны көтеру, электр қуатының тарифтерін төмендету, медициналық шығындарды ішінара жабу, дәрі-дәрмек бағасын төмендету және жұмысшылар үшін минималды кепілдендірілген кірістер» кіреді.

Сонымен қатар, Чили үкіметі парламентке жоғары табысы бар адамдардан салық жинау туралы заң жобасын жіберуді жоспарлап отыр. Пиньераның айтуынша, бұл шара «бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға және әлеуметтік бағдарламаны қаржыландыруға» мүмкіндік береді.

Жаппай тәртіпсіздіктер және полициямен қақтығыстарға ұласқан наразылықтар 14 қазанда Сантьягода метрода жол жүру құны 30 песодан (4 цент) орташа есеппен 850 песоға (1,2 доллар) дейін көтерілгеннен кейін басталды.

Кейіннен тәртіпсіздіктер елдің басқа қалаларын да қамтыды. Осы жағдайға байланысты Пиньера астанада және бірқатар басқа қалаларда төтенше жағдай жариялап, қоғамдық көліктерде жол жүру бағасының өсуін болдырмауға шешім қабылдады.