Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев кезекті дәрежеге ие болды

Жапонияның атынан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Цукуба университетінің құрметті докторы атануын зор мәртебе санайтынын айтты.

- Жапонияның жетекші оқу орындарының бірі - Цукуба университетінің құрметті докторы атанғаныма қуаныштымын. Сіздердің университет әлемдік деңгейдегі білім беру және зерттеу орталығы саналады. Өзінің терең тарихымен де танымал. Цукубаның Нобель сыйлығы иегерлерін оқытып шығарған жапондық жоғары оқу орындары қатарына кіруінің өзі зор құрметке лайық. Университеттің үш түлегі 1965 және 1973 жылдары - физикадан, 2000 жылы - химиядан Нобель сыйлығын алды, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Цукуба университеті қазақстандықтар арасында да зор сұранысқа ие екенін, 105 адам диплом алғанын айтты. Оның басым бөлігі тәуелсіздіктің елең-алаңында жарияланған «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алғанын еске салды.

- 2016 жылы Жапонияға сапар барысында Токай университетінің құрметті докторы атанған едім. Жапонияның лайықты әрі бай дәстүрі бар ғылыми-зерттеу орталықтарының қадір тұтуы - мен үшін үлкен мәртебе және бұл Қазақстанның барша халқына деген құрметтің белгісі. Өз тарапымнан еліміздің жастар саясатына және білімді дамытуға барлық уақытта айрықша мән бердім. Менің бастамаммен мыңдаған жас қазақстандық «Болашақ» бағдарламасы арқылы мемлекет есебінен әлемнің үздік университеттерінде білім алды, - деді Елбасы.


Бұл Елбасының алғашқы ғылыми дәрежесі емес. Ол – отандық және шетелдік оқу орындарында сұранысқа ие ғалым. Елбасы  – ҚазҰУ-дың, МГУ-дың, Кембридж университетінің Құрметті профессоры. Сонымен қатар Пекин, Қазан, Корей оқу орындарында да дәл осындай атақтары бар. Естеріңізге сала кетсек, Н. Назарбаев біршама ғылыми мақалалар мен кітаптардың авторы.

ҚазАқпарат


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61