Weekend

Алақаның сипап өтсе маңдайды...

Тәңір бізді айырма осы сиыңнан!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Алақаның
Сыйпап өтсе маңдайды
Көңілде кір,
Жүректе шер қалмайды.

Күнім десең,
Мейріміңнен шөл бастым.
Қызым десең,
Көңіл нұрын тарқаттым.

Құшақтасаң,
Иісіңе қанықтым.
Ондай иіс сізде ғана
Анам менің жарық күн.

Ақыл, сана, даналық та
Сізде бар.
Ана көңілің балаң үшін
Жаз болар.

Көктем көңіл анашым-ау
Мәз болар.
Сізге бүгін не берсем де
Аз болар.

Жыр сыйлайын
Жүрегімнен алынған.
Өзің себеп
Сіз арқылы құйылған.

Сіздей ана болғанына
Ризамын!
Осы күнді
Алла бізге бұйырған

Анам барда
Тағдыр жүгі жеңілдер.
Тәңір бізді
Айырма осы сыйыңнан.