Экономика
Ұлттық экономика министрі бағаның өсуі инфляцияға әсер етпейтінін айтты
"Меніңше, бұл барлығы да болжаған шара. Бұл кейбір адамдардың әрекеті емес, бұл күн сайын көрісетін адамдардың - біздің туыстарымыз, кәсібі барлар, кішігірім дүкендері барлар. Бұл әрекетті сол себепті де ақтап алуға болады, өйткені сұраныс көп болса, баға өседі", - деді Сүлейменов.
Ол мысал ретінде жаз мезгіліндегі қонақүй нөмірлерін келтірді.
"Бұл нарық, сол себепті осыған дайын болу қажет. Мемлекет өзіне әлеуметтік тауарларды алып, арнайы дүкендерде жазғы бағамен сатады деген әбестік болады. Мұны министрлік емес, үкімет емес, мұны нарық субъектілері жасайды", - деді министр. Сонымен қатар, Сүлейменов ашкөздікке бой алдырған саудагерлерге де ескерту жасады. "Бағаны тым ұшырып жібергендерді монополияға қарсы тергеу құралдары арқылы жазалаймыз", - деді ол.
Министрдің айтуынша, маусымдық бағаның көтерілуі инфляцияға әсер етпейді екен.
"Біз осы 5-7 пайызды сақтап қаламыз деген сенімдеміз", - деп түйіндеді ол.
Дереккөз: tengrinews.kz