Weekend
Бүгінгі премьералар легін «Зомбилэндің» сиквелі бастайды
Одан бөлек Юэль Киннаманның, Николас Кейдждің қатысуымен екі фильм және бір отандық картина бар.
«Zомбилэнд: Шүріппені екі рет бас» («Zомбилэнд: Контрольный выстрел» / «Zombieland: Double Tap») [16+]: 2009 жылғы фильмнің жалғасы. Комедия элементтері бар хоррорда бұрынғы актерлерден Джесси Айзенберг, Вуди Харрельсон, Эмма Стоун, Эбигейл Бреслин бар.
Сюжетте бірінші бөлімдегі зомби қырғыш төртеу ел ішіндегі сапарын жалғастырады. Олар кезбе өліктермен ғана емес, аман қалған өзге адамдармен де шайқасқа түседі. Оның үстіне өз қатарларында алауыздық пайда болады.
«Тыңшы» («Три секунды» / «The Informer») [16+]: Басты рөлде Юэль Киннаман ойнаған британдық қылмыстық триллер.
Фильмде бұрын түрмеде отырған, қылмыстық топтың құрамына ену үшін қайтадан абақтыға түскен отағасы туралы айтылады. Ол құқық қорғау органдарының мүддесіне жұмыс істеуге мәжбүр болады.
«Жынмен бірге жүгіру» («Кокаиновый барон» / «Running with the Devil») [18+]: Николас Кейдж бен Лоренс Фишбёрн түскен қылмыстық драма.
Негізгі тақырыбы Колумбиядан басқарылатын есірткі саудасы төңірегінде. Колумбиядан келе жатқан кокаин Канадаға АҚШ арқылы өтпекші. Жүк тиісті жеріне жетпей қалып, картель басшысы екі көмекшісін жеткізушілердің мәселесін қарауға жөнелтеді.
«Көп аталы» («Многодедный») [14+]: Жеңісхан Момышев түсірген отандық комедия.
Сюжетте ерке өскен, жауапсыз жас жігіт қарттар үйіне тап болады. Ол әкесінің тағайындаумен бастық болып келеді. Оған қарияларды ғимараттан шығарып жіберуге тапсырма беріледі. Бірақ ол қарттармен жақын танысқан сайын өз әкесінің әрекеттеріне басқаша қарай бастайды.
«Лекси» («Окей, Лекси!» / «Jexi») [18+]: «Бас жазу» фильмдер сериясын жасаущылар ұсынған америкалық комедия.
Фильмде Лекси деген жасанды сана туралы баяндалады. Ол өзінің иессі Филдің өмірін толықтай өз бақылауына алғысы келеді. Фил мезі қылатын гаджеттен құтылмақшы болады, бірақ қызғаншық Лекси оны оңайлықпен жібермейді.
«Маған беймәлім адам» («Поменяться местами» / «Mon inconnue») [16+]: Француз комедиясы.
Сюжет өзінің басқа нұсқадағы өміріне ауысып кеткен жазушы төңірегінде өрбиді. Бір күні ұйқыдан табысты жазушы емес, қарапайым мұғалім болып оянанады. Ал оның сүйгені танымал пианошы, мықты музыкалық продюсерге күйеуге шыққалы жүр. Өз өмірін қайтару үшін сүйгенінің жүрегін жаулап алуы керек.
Бұлардан бөлек, ресейлік «Текст» драмасы мен «Урфин Джюс возвращается» мульфильмі, сондай-ақ мексикалық «Сельма в городе призраков» анимациялық картинасы шықты.