Weekend

Жақында бүкіл қазақ блогер болмақ

Оқырман тартатын магниттік қасиет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оқырман тартатын магниттік қасиет қазақтарға қайдан келген? Әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану үшін сабақ беріп жүрген тұлғалар бар. Бірақ ақша беріп білім алған оқырман оны қаншалықты пайдаланып жүргені белгісіз. 

Білім деп айтсам күнә болар, жай ғана бағыттаушы. Бірақ білімділер де, әлеуметтік желілерді өз пайдасына жақсы қарастырып жатқандар бар. Олар: шағын және орта бизнесті бастаған жастар, кәсіби әншілер мен актерлер. Ендігі тізбекке тоқталсақ: make up жасайтын арулар, тамақ немесе тәттілер дайындайтын үш айлық курстан өткендер. Кейбір жастардың әрекеттері: жеген тамағын бейне жазаба қылып жасау, сауатсыз вайндар түсіру, қыздардың жаппай шешінуге бағытталуын көргенде «ақырғы заманның ұрпағымыз ба» деп үрейленеміз.

Instagram, whatsApp, youtube, facebook ( messenger), Telegram, Vk тағы басқа әлеуметтік желілердің қолданыс аясы күн сайын қарқынды дамуда. Сіздің блог жүргізуге қабілетіңіз жетпесе, сегізінші қасиетіңізді жеті күнде ашып беретін тренингтер өте көп. Қазір нарықтық заман, ақшаңыз болмаса уайымдамаңыз. Бай болғым келеді десеңіз болды конкурстар бар. Санаңыз жақсы ойларды ойлауға қиналса шешімін табамыз. Түрлі курс-тренингтерге ақша беруге қиналмайтын қазағым-ай. Бұл жайттарға сіз не дейсіз? Сананың улануы ма ,әлде замананың дамуы ма?

Бір отбасында жеті ұл болса жеті түрлі болып өседі. Осы жеті жігіт әлеуметтік желіні жеті түрлі пайдаланады. Керек десеңіз, жоғарғы үкіметтегілерде жасаған жұмыстарын желілерге салып отырсын деген тапсырма да алып үлгерген. 

Тіпті, «ата-ана»деген сөзді айта алмайтын сәбидіңде өз аккаунттары бар. Ал қарияларымыз «асыл арна» мен Қуаныш ағамыздың уағыздарын тындайды. Бұл - ашық алаң, әркім өз керегін қалағандарынша қарасын.