Bugin
Қандастар мәселесі
Ұлттық қоғамдық кеңес мүшелерін мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір-бірден қабылдап, ұсыныстарын тыңдап жатқаны мәлім.
Бұл жолы Тоқаевпен кездескен қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек президентке айтқан ұсыныстары мен кездесуден алған әсерін айтты. Оны ол Facebook-тегі парақшасында бөліскен екен.
- Бір ай бойы көз ілмей дайындалған, асыға күткен қабылдау өте сəтті болды.15-20 минутқа жоспарланған қабылдау жарты сағаттан аса уақытқа созылды, - деп бастайды қоғам қайраткері әңгімесін.
Мемлекет басшысына ол жеті түрлі ұсыныс дайындап барған екен. Бәрін егжей-тегжей айтып шыққан.
- Ешқандай шектеу болған жоқ. Ең бастысы, Пререзидент Қасым-Жомарт Кемелұлының ықыласы мен пейіліне дəн риза болдым. Емін-еркін, көсіліп сөйлеуіме барынша мүмкіндік берді Президент, - деп бөлісті әсерімен Ауыт Мұқибек.
Жазба соңында мемлекет басшысы мен оның баспасөз хатшысы Берік Уәлиге алғыс айтумен аяқтады.
Ал Ақорда сайтында Ауыт Мұқибекпен кездесу кезінде миграция және көші-қон туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері көтерілді делінген. Ауыт Мұқибек Мемлекет басшысының «оралман» сөзінен бас тартып, оны «қандастар» деп өзгерту жөніндегі бастамасын қолдайтынын айтқан.