Weekend
Арнау өлең
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТабиғат берген екен көркемдікті,
Тәңірім аямапты әсемдікі.
Жасыл бақ,
Бау-бақшасы иран бақтан.
Айырма бола қоймас елден тіпті...
Бұл жерден талай дарын өсіп-өнген,
Кейбірі жер әлемді ғашық еткен.
Қазақтың құт базары бұзылмаған,
Бұл ауыл сал-дәстүрге ұлы мекен.
...Бабалар тарихы мәңгі бірге,
Бастау алған деседі осы жерде.
"Ұлтым менің, жұртым" деп қол бастаған,
Көк Тәңірі көк бөрідей қорғаған.
Аманкелді хас батыры қазақтың,
Осы арада дүние есігін ашыпты.
Дін шариғат ілімдерін меңгерген,
Құран қари, хафиз болған деседі.
Қос күмбезді қызыл мазар әрқашан,
Менмұндалап көрінеді шет жақтан.
Сатыбалды болған екен есімі,
Бұл есімде бізге ғылымнан белгілі.
Батыр аты берілді осы ауылға,
Аудан болды, дамыды өркендеп қияға.
Әулиенің бердік атын мешітке,
Келер ұрпақ сусындасын дінменен,
– деген сенім болды біздің көкейде.
Аманкелді қасиеттің мекені,
Тізе берсек талай сөздер кетеді...
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61