Weekend

Қазақстандағы Drama.KZ фестивалі басталды

Өнер фестивалі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Drama.KZ фестивалі Қазақстанда осымен 3-ші жыл өтейін деп отыр. Идея және оны іске асырған драматург Олжас Жанайдаров пен BT театрының директоры Айгүл Сұлтанбекова.

2019 жылдан бастап Drama.KZ фестивалі, 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тәуелсіз мәдени-ағартушылық жоба - Алматы қаласының ашық әдеби мектебінің қамқорлығымен өткізіліп келеді. OLSA - Орталық Азиядағы әдеби шеберлікке мамандандырылған жалғыз оқу орны. 2016 жылы OLSA «Ресей Федерациясынан тыс жерде орыс мәдениеті дәстүрлерін дамыту мен сақтауға қосқан үлесі үшін» «Орыс сыйлығы» арнайы сыйлығымен марапатталды.

«Drama.KZ» серіктестері әуел бастан қызығушылық танытты. Бұл тек театрлар ғана емес, сонымен қатар басқа да мәдени мекемелер. Олардың ішінде Лермонтов, Мүсірепов, Сац атындағы театр, «ARTiSHOK» театры, Республикалық академиялық неміс драма театры, «ORTA» әмбебап өнер орталығы, «Мәдениет үйі» театр-студиясы, Қазақстан Республикасы театр қызметкерлерінің одағы, Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Қазақстандық баспасөз клубы және т.б.

Осы жылы фестиваль 25-қазан мен 29-қазан аралығында өтеді. Толық кестесін фестивальдің ресми сайтынан алуға болады (www.drama.kz).