Weekend

Жылы орын кімге ұнамайды?!

Ата-аналар өз балаларын бастық қылып тәрбиелеуі дұрыс па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Балам өскенде кім боласың?" деген сұраққа бала ойланбастан "бастық" деп жауап береді. Бірақ барлық баланың өскенде жылы орында отырғанын көрмейсің.

"Қандай машина айдайсың?" десе "джип" деген жауапты жиі естисің.

"Қандай үйде тұрасың?" десе, "екі этажды үйде" дейді. 

Неге ата-аналар балаларын өмірлік ертегіні айтып береді екен? Осы сөздері бойына сіңіріп өскен бала өскенде өзінің кім екенін таппай жүреді. Негізі баланың мінезі өмірге келгеннен көріне бастайды. 

Сол шама шарқына қарай мамандықты ата-ана айта білсе, сол бағытқа тәрбиелесе екен. Сонда бала өскенде бастық, жылы орын, зәулім үй сол тұлғанікі болар еді. Қазақтар таңдауға қорқатын мамандықтар өте көп. Қорықпайды - намыстанады. Туризм, құрылыс, сумен жабдықтау немесе кәріз жүйесі, ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау, экология, биотехнология, инженерлік жүйелер мен желілер, сәулет, мұнайшы т.б.

Жұмыссыздық мәселесі бізге ғайыптан келген жоқ. Дұрыс емес арман, ұшқынсыз мақсаттар одан келіп шығатын мәселе жұмыссыздық. Барлық жастар арман қуып Алматыға келдім деп айтып жатады. Жалданып жұмыс жасайды. Пәтер жалдап тұрады. Instagram желісіне керемет суреттер қояды. Сол бағы ата-ана құрып берген ертегілер желісімен өмір сүреді. Оян, қазақ! Оянатын таң бүгін. Өмірдегі басты мақсатты қамдағын.