Саясат
Әскери операция тоқтады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ президенті Дональд Трамп Қаржы министріне Сирияның солтүстігінде Анкараның әскери операциясы басталғаннан кейін Түркияға салынған барлық санкцияларды алып тастауды тапсырды деп хабарлайды Новости РАА.
- Бес күн ішінде сіздері Сирия шекарасында біз келіскен атысты тоқтату ережелері сақталғандығын және оның жақсы орындалуда екендігін көрдіңіздер. Бүгін таңертең Түркия үкіметі менің әкімшілігіме Сириядағы атыс пен шабуылдарды тоқтататындарын мәлімдеді, - деді Америка басшысы арнайы жолдауында.
АҚШ Қаржы министрлігі санкциялардан шығарылған тізімге Түркияның Қорғаныс министрлігі мен Энергетика министрлігі, осы басқарма басшылары Хулуси Акар және Фатих Донмез, сонымен қатар басқарушы Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Сулейман Сойлу кірді.
Трамптың сөзіне қарағанда, АҚШ Анкарамен күрдтерге шекараны тыныш түрде тастап кетуге мүмкіндік беретін бес күндік бітімге келіскен.
Ол АҚШ-тың күш-жігерінің арқасында ғана «көптеген күрдтердің өмірін сақтап қалынғандығын» баса айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61