Саясат
Ол Тоқаевтың саясаты қандай екенін айтты
Қазақстанға сапары қарсаңында Александр Лукашенко "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинмен сұқбаттасты.
"Қазақстан мен Беларусь елінің қарым-қатынасы Лукашенко-Назарбаев қарым-қатынасымен ғана байланысты емес. Тың игеру кезінде белорустар қазақ жерінде жұмыс істеді, біразы қалды. Біз тек достыққа негізделген саясат жүргізуге тиіс болатынбыз ", – деді Александр Лукашенко.
Сондай-ақ, Беларусь елінің президенті әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен қарым-қатынасына да тоқталды. Оның айтуынша, Тоқаевтың саясаты тек Қазақстанды ғана емес, барша ЕАЭО-ны дамытуды жалғастыруға бағытталған.
"Мен Тоқаевты Қасымаке деп атаймын. Ол өте жұмсақ, сауатты, Қазақстанды сүйетін саясаткер. Ол тек жалғастырып қана қоймай, еселендіре түседі", – деді Лукашенко.
Александр Лукашенко 24-25 қазан күндері Қазақстанға ресми сапарымен келеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер өткізеді деп күтіліп отыр.