Weekend
Өлең
Мен негізі сыңары жоқ аққумын,
Сыңарсыз-ақ өмір сүріп жатырмын.
Жүріп өткен жолдарыма қарасам,
Жалғыз екем, жалғыз өткен шақырым.
Жағыз екен шырқағанда шат үнім,
Жалғыз екен атқан, тіпті, әр таңым.
Айдынында жалғыз аққу екенмін,
Қалай ғана байқамағам мен бұрын.
Солай мүмкін жаратты ма, кім білсін,
Сорлы болып сезінген де емеспін.
Жалғыз аққу айдынымда болайын
Ешкім менен іздемесін жартысын.
Камшат Абылгазиновна.