Саясат

Ертісбаев Қытайға қарсы наразылықты кім өршітіп жатқанын айтты

Қытайдың басты мақсаты қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев республикадағы Қытайға қарсы наразылықтарға АҚШ-тың қатысы бар деп санайды.

"Қытаймен сауда соғысын жүргізіп жатқандықтан бұл америкалықтардың ісі деп ойлаймын. Америка ғана Бейжіңнің Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы саясатына қарсы шығып жатыр", - деді Ертісбаев.

Ол Вашингтон Бейжіңнің Шыңжаңды дамытуға қомақты қаржы салғанын елемей отырғанын айтты.

"Америка Қытайдың тез көтерілуіне көптен бері алаңдап отыр. Қытайлар чипке жететін болса – бітті! Америка №1 держава болудан қалады", - деп болжады Ертісбаев.

Қытайдың басты мақсаты

Ертісбаевтың айтуынша, Қытайдың басты мақсаты – инфрақұрылым. Қытай әзірге Қазақстан нарығына үлкен қызығушылық танытып отырған жоқ.

Ертісбаев Қазақстанның Қытай алдындағы сыртқы қарызы туралы айта келе, ол "ажалды емес" және Ұлттық қордың қаражаты есебінен ертең-ақ өтеп тастауға болады деп сендірді.

Қазақстандағы Қытайға қарсы митингілер

2019 жылдың қыркүйек айының басында Тоқаевтың Қытайға сапары қарсаңында Қазақстанның төрт қаласында – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Жаңаөзенде Қазақстанда 55 қытай зауытының салынуына қарсы митингілер өтті.

sputniknews.kz