Саясат

Неге АҚШ Ресейге шабуыл жасай алмайды?

Қытай басылымы пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ өзінің стратегиялық ядролық күштеріне байланысты Ресейге шабуыл жасау жоспарларын қарастырмайды, деп жазады қытайлық "Соху" басылымы. 

- Қазіргі әлемде, егер елде стратегиялық ядролық күштер болса, онда ол гегемон болып саналады. Сондықтан оларды «бейбітшіліктің құпиясы» деп атайды, - деп жазады басылым.

Кеңес Одағының ыдырауына және қорғаныс бюджетінің бірнеше есе азаюына қарамастан, Вашингтон бәрібір де Ресейден қорқады дейді автор. Оның айтуынша, Ресейдің стратегиялық ядролық қару қолдануға дайын тұр, ал Америкада ондай күш жоқ. 

1991 жылы Ресей бұрынғы КСРО-ның стратегиялық ядролық күштерінің 70%-ын иеленген ел. 

- Сондықтан әрдайым стратегиялық шабуылдарды құрлықта, теңізде және әуеде өткізуде орасан тәжірибелері бар. Ресей АҚШ-тан кейінгі әлемдегі мұндай мүмкіндіктерге ие жалғыз ел. Ресейдің ядролық зымырандар "қырғи қабақ соғыс" кезінде орнатылған болатын. Содан бері әлі тұр, - деп еске алады газет.