Weekend

Өзбекстанда ине жұтып қойған жігітті дәрігерлер құтқарып қалды

Ешқашан тісіңізді инемен шұқымаңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстанның Қашқадария облысының көп салалы медициналық орталығының хирургтері тісін жуып жатқанда инені жұтып қойған жас жігітке сәтті ота жасады, деп хабарлады Новости РАА

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілінің айтуы бойынша 21 қазан күні Гузар ауданының 19 жастағы тұрғыны облыстық медициналық орталыққа келіп, тігін инесін жұтып қойғанын айтады. Науқастың айтуынша, инемен ол тістеріне жабысып қалған тамақтың қалдықтарын алуға тырысқан. 

- Рентгенологиялық және компьютерлік томография арқылы иненің мойын омыртқасында жатқаны анықталды. Шұғыл түрде инені алып тастау үшін ота жасауға шешім қабылданды, - деді ақпарат көзі.