Саясат
Ресейде қалғысы келмейді
АҚШ барлау қызметінің бұрынғы офицері Эдвард Сноуден Ресейде өмір сүрудің қиын екендігін мойындады. Өйткені оған АҚШ-тың да, Ресейдің де билігіне қарсы тұру қажет.
- Мен Ресейде тұзаққа түсіп қалғандаймын. Еш еркім жоқ. Мен әу баста Ресейге келгім келмеген. Латын Америкасына барғым келген еді. Бірақ АҚШ билігі менің төлқұжатымды жойып жіберіп, еріксіз Ресейде қамалып қалдым, - деді ол америкалық комментатор Джо Роганмен сұхбатында.
Оның айтуынша, АҚШ пен Ресей билігіне, саясатына бірдей қарсы тұру қиын екен.
- Бұл өте қиын. Ресейді жақтамаймын да және олармен ешқандай байланысым да жоқ. Тек амалсыз қалған адаммын, - деді Сноуден.
- Егер мен жеке басымның қауіпсіздігін ойлаған болсам, қазір Гавайда отырар едім және барлығыныңыздың артынан тыңшылық жасау арқылы көп ақша табар едім, - деп бітірді сөзін Сноуден.