Саясат
Ақ фосфорды қолданған деп отыр
«Сирия Демократиялық Кеңесінің» күрдтер бойынша өкілі Ильхам Ахмед АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде түрік күштері «Бейбітшілік көзі» операциясы кезінде химиялық қару қолданғандығын мәлімдеді. Оның сөздерін Rudaw порталы келтіреді.
Ахмед бірнеше халықаралық конвенцияларда тыйым салынған ақ фосфорды Түркияның қолданғандығын айтты. Ол балалардың химиялық заттардан күйік алған суреттерін көрсетті. Оның сөзіне қарағанда, күрдтер химиялық қаруды қолдануды басқа жолмен растай алмайды, өйткені олардың сараптама жүргізуге мүмкіндігі жоқ.
Күрдтердің өкілі сонымен бірге соғыс қимылдарының салдарынан 300 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғандығын жеткізді. 250 адам қаза тапқан (оның ішінде, балалар да бар), тағы 300 адам хабарсыз кеткен. Ахмед түрік әскері тұтқындарды атып, жергілікті халықпен өте қатал болғандығын мәлімдеді.