Неге көптеген қазақстандықтар ұялы байланыссыз қалды?

Ұялы байланыс операторлары тіркелмеген пайдаланушыларды ажыратты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

24 қазан күні таңертеңнен бастап қазақстандықтар байланыстың тоқтауына шағымдана бастады.

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары тіркелмеген пайдаланушыларды ажыратыла бастады. 

- Бүгінгі түннен бастап IMEI кодтардың деректер қоры – бүкіл Қазақстан бойынша бірыңғай деректер қоры енгізілді. Бұрын өз нөмірлерін тіркеуді және ЖСН-ді өзінің абоненттік нөміріне байланыстыруды немесе нөмірдің IMEI құрылғысына байланыстыруды жүргізбеген абоненттер байланыссыз қалды. Абоненттердің бір бөлігі тіркелу қажеттігі жайлы хабарламаны елемей байланыстан қағылды. Қазір біз абоненттерге өз құрылғыларын тіркеуге көмектесеміз. Колл-орталықтарға адамдар хабарласа алмайды, себебі өтініштер өте көп, - деп түсіндірді Kcell баспасөз қызметінің жетекшісі Олжас Бибанов.

Beeline Қазақстан абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу туралы норма 2019 жылдың 1 қаңтарында күшіне енгенін атап өтті. Ережеге сәйкес, абоненттер тіркелген құрылғылар мен нөмірлерден ғана байланыс қызметтерін ала алады. Ол үшін IMEI телефон, планшет, сағат және симкартаны пайдаланатын кез келген гаджет бірыңғай иесімен жазылуы керек.

Zakon.kz