Саясат

Боливияда наразылық күшейді: Төтенше жағдай жарияланды

Төңкеріс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Боливияда президент сайлауында дауыс санау кезінде елде жаппай наразылық басталды. Соған орай төтенше жағдайлар жарияланды. Бұл туралы Deber газеті жазады.

- Біз қақтығыс жасамаймыз, төтенше жағдай ғана жариялаймыз. Демократияны қорғауымыз керек, - деді Боливия президенті Эво Моралес баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол елдегі жаппай наразылықтарды «халықаралық қолдау арқылы оның қайта сайлануына риза емес оңшыл күштердің дайындаған мемлекеттік төңкеріс әрекеті» деп есептейтіндігін атап өтті.

Боливияда 20 қазанда президенттік сайлау өтті.  Дауыстарды санау нәтижесінде 95,63% дауыстың 46,85% қазіргі президент Эво Моралес жинаса, одан кейін оның басты қарсыласы - экс-президент Карлос Меса 36,74% дауыс жинаған. Бірінші айналымда жеңіске жету үшін 10% артықшылық жеткілікті.

Моралестің жеңісі туралы белгілі болғаннан кейін, наразылықтар елде күшейіп, тәртіпсіздіктерге ұласып кеткен. Наразылық білдірушілер сайлау сотының аймақтық филиалдарының бірін өртеп жіберген.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61