Саясат

Путин Ресейдің екі ядролық бомбалаушы ұшағын Оңтүстік Африкаға жіберді

КСРО кезіндегі байланысты жандандырғысы келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Путин Ресейдің екі ядролық бомбалаушы ұшағын Оңтүстік Африкаға жіберді, деп хабарлайды "Express" сайты. Ол осы қадамға бару арқылы Африка үшін қырғи қабақ соғыстың не екенін еске салу үшін жасады. Ал бұл АҚШ президенті Дональд Трампқа шығын әкелуі мүмкін.

Топулев Ту-160 - әлемдегі ең ірі әскери ұшақ және ядролық зымырандарды ұшыра алатын қабілеті бар. Жоспар бойынша, Оңтүстік Африканың астанасы Преториядағы "Waterkloof" әуе базасына барып қонуы тиіс. Мұндай ұшақтар Африкаға бірінші рет барғалы тұр. 

Ұшақтың әскери базаға барып қонуына Оңтүстік Африканың әуе күштері көмектесетін болады. Бомбалаушы ұшақтармен бірге Ресейдің басқа да әскери ұшақтары бірге келмек. 

Владимир Путин Сочиде өткен африка-орыс саммитінде Кеңес Одағының ыдырауына көңілі толмайтынын білдірген болатын. Сондықтан Африка құрлығындағы елдермен байланысты нығайтуға тырысып бағуда. Өйткені КСРО-ның Африкамен байланысы өте жақсы болатын. 

Мәскеу Африка көшбасшыларымен байланыс жасауда, Африка құрлығындағы 54 көшбасшының 43-і, 23-24 қазан аралығында өтетін саммитке қатысады деп болжам жасалып отыр.