Weekend
Генетика
Ұлға ақымақтық әкеден келмейді. Егер сіз ақымақтау болсаңыз да, сіздің ұлыңыз сізге тартпайды (Құттықтаймыз).
Ұлға интеллект әкесінен емес, анасынан беріледі. Ұлдың әкесі қанша гений болса да, ұлы ол сияқты гений бола алмауы мүмкін.
Керісінше, әкенің интеллектісі қызына беріледі. Ал ананың инттелектісі ұлына беріледі.
Гений әкелердің қыздары ақылды болады да, одан туған ұл да ақылды болады. Ал егер әке ақымақтау болса, онда қыз да соған тартады.
Қазақта "ұлдың жақсы болмағы нағашыдан" деп бір ауыз сөзбен жеткізген. Яғни, туған ұл ақылды болса, демек, оның анасы ақылды. Ал анасың әкесі, яғни, нағашы атасы ақылды болған деген сөз.
Ер адамдар үшін қорытынды:
Сіздің қызыңызға ген арқылы сіздің ақылыңыздың жартылай бөлігі барады. Ал одан туған ұлға ақыл толықтай жетеді. Сондықтан ақлды ұрпақ қалдырғыңыз келсе, қыз балаларыңыз көп болсын, соны армандаңыз.
Ұлыңыздың болашағы үшін алаңдасаңыз, жарыңыздың әкесіне назар аударыңыз. Егер ол академик болса, демек, сіздің ұлыңыз да ақылды болады деген сөз.
Сіздің қасиеттеріңіз анаңыздан, дәлірек айтқанда, нағашы атаңыздан келген.
Әйел адамдар үшін қорытынды:
Сіздің қызыңыз тәрбиелегеніңіз бойынша сіз сияқты, ал ақылы жағынан әкесі сияқты болады. Ал қызыңыздың ұлдары ақылы жағынан сіздің күйеуіңіздің көшірмесіндей болады.
Сіздің ұлыңыз ақылы жағынан сіздің әкеңіздің көшірмесі және сіздің оған «сен әкең сияқты ақымақсың» деп ұрсуыңыз ақылға қонымсыз.