Саясат
Солтүстік Корея режіміне сын
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСолтүстік Корея халқының жартысына жуығы аш, тамаққа тоймайды. Бұл мәліметтерді БҰҰ-да КХДР бойынша адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Томас Охеа Кинтана хабарлады.
Кинтананың айтуынша, бұл елде 11 миллион адамға азық-түлік жетпейді.
БҰҰ мәліметтері бойынша, бұл проблема балаларға да әсер етуде. Солтүстік Кореядағы 140 мың балаға тамақ жетпейді, тойып тамақ жемейді. Соның кесірінен 30 мың бала ауруға шалдығуы мүмкін.
Кинтананың айтуынша, мұндай жағдай үшін жауапкершілік Солтүстік Корея режімінің экономикалық және аграрлық саясатына жүктеледі. Оның салдары климаттың өзгеруімен, қолайсыз топырақпен, табиғи апаттармен және Пхеньянға қарсы енгізілген санкциялардың теріс салдарымен күрделене түседі.
Оның айтуынша, ауыл халқы азық-түлік пен тауарларды қайта бөлудің мемлекеттік саясатынан көп зардап шегуде.
БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы қызмет еткен үш жыл ішінде бұл саладағы жағдай жақсарған жоқ деп қосты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61